$ 443.37  474.49  4.83

«Ет қымбаттады, енді веган боламыз ба?»: Ерке Есмахан елдегі қымбатшылық туралы айтты

Әнші желідегі оқырмандарына супермаркеттердің бірінде азық-түлік сатып алып жүрген видеосын жариялаған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Танымал қазақ әншісі Ерке Есмахан желідегі оқырмандарына әзіл-шыны аралас жазбаларын жиі жариялап отырады. Эстрада әншісі Instagram-дағы кезекті постында елдегі қымбатшылық мәселесін сөз етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші желідегі оқырмандарына супермаркеттердің бірінде азық-түлік сатып алып жүрген видеосын жариялаған.

Видео астына ол: "Ет қымбаттап жатыр екен, енді шөп-шалаң жеп, веган боламыз ба?! Иттерді де жеуге тыйым салып тастады", - деп қымбатшылық мәселесін астарлы әзілмен қозғаған.

Оның бұл жазбасына желідегі оқырмандар да жарыса пікір білдіріп, азық-түліктің қымбаттап жатқанына күйінді.

"Сәбізден котлет, қызылшадан котлет жейміз буға пісірілген", "Сәбіз де қымбат қой", "Қымбаттағанда айтпа, не жейтінімізді білмей қалдық қой", "Ерке де үнемдегеніне қарағанда мықты қымбаттайын деп тұр-ау", "Сізге ет алу сөз емес қой", - деп жазды олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары