$ 494.87  520.65  4.91

Менің әйелім өмір бойы ата-әжеммен, ата-анаммен тұрады - Димаш

Әнші ата-анасын бәрінен биік қоятынын, оларды қызғанатынын, бөлек кеткісі келмейтінін мойындайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Димаш Құдайберген болашаққа құрған жоспары жайлы айтты. Әнші болашақ жарымен, ата-анасымен, ата-әжесімен бірге тұруды армандайды. Тіпті бауырларымен бірге бір шаңырақ астында өмір сүргісі келеді, деп жазады Stan.kz.

Димаш Құдайберген болашақ жарының өмір бойы ата-енемен тұратынын айтты. Одан бөлек бауыр-інілерімен бір шаңырақ астында тұру арманы. 

“Менің әйелім ата-әжеммен, ата-анаммен бірге тұрады. Ешқашан бөлек шықпаймыз. Бөлек шығу туралы әңгіме де қозғалмайды. Інілеріммен, бауырларыммен бірге үлкен отбасы болғым келеді. Олардан бөлек кеткім келмейді”, – дейді Димаш. 

Әнші ата-анасын бәрінен биік қоятынын, оларды қызғанатынын, бөлек кеткісі келмейтінін мойындайды.

“Мен ата-анамды қызғанамын. Үнемі жанымда болса деймін. Маған басқа ешнәрсе керек емес. Үлкен үй болып ата-анамен бірге ұзақ өмір сүруді армандаймын”, – дейді ол.

Әншінің тыңдармандары оның сөзін қостап, қолдау білдірді.

“Қазір бұлай ойлайтын бала жоқ, бәрі бөлек тұрғысы келеді”, “Саналы ұлдың сөзі”, “Әйел алғанда басқаша болып кетпесін”, “Мен де ата-анаммен біргемін”, “Ата-әжемен, ата-анамен тұрғанға не жетсін”, “Арманыңа жет, солай үлгі көрсет, жарайсың”, “Ата-анаңыз ұзақ өмір сүрсін, бірге болыңыздар”, деп жазды желідегілер.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары