$ 444.22  476.38  4.82

Гүлнұр Оразымбетова бойындағы ерекшелігі туралы айтты

Әйел адам бәрін қабақпен-ақ түсінеді дейді әнші.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Отандық эстрада жұлдызы бойындағы ерекше қасиеті туралы айтты. Айтуынша, ол аз сөйлеп, көбірек тыңдауға бейім. Десе де, әнші кейде оның бұл мінезі отағасына жақпай қалатынын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ . 

Гүлнұр Оразымбетованың айтуынша, ол көп сөйлемейтін жандардың қатарында. Әнші осы қасиетінің тіпті жолдасына да жақпай қалатын кездер болатынын айтады. Дегенмен, өнер иесі әйел адамның көп сөйлемегені де жөн екенін алға тартады. 

"Кейде жолдасым "әңгіме айтпайсың, сөйлемейсің, қалай ішің пыспайды?" деп ренжиді. О бастан аз сөйлеп, көбірек тыңдауға тәрбиелеген өзі ғой. Әйел адам қабақпен ақ түсінеді ғой бәрін. От басы, ошақ қасы аман болсын, ең бастысы", - деді ол. 

Әншінің жазбасын пікір қалдырған оқырмандары оның мақтауын асырды. 

"Сәлеметсіз бе! Иә, сіз салмақты, әдепті, жақсы жүргізесіз "Таңшолпанды", "20 жастағы қыздай", "Ерекше көріктісіз", "Жақсы өмірден әйел қартаймайды. Бәрі жетерлік, еш нәрсеге уайымдамайды", "Қандай сұлусыз", - деп жазды олар. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары