$ 448.89  477.93  4.76

Әміре ресейлік «Дауыс» жобасының қазылар алқасын таң қалдырды (ВИДЕО)

Байқаудың бұл маусымында қатысушыларға Пелагея Телегина, Леонид Агутин, Александр Градский мен Дима Билан жетекшілік етеді.

Көпке Әмре деген атпен танымал Ернар Садырбаев ресейлік "Дауыс" шоуының "көрмей тыңдау"кезеңінен өтті. Байқаудың бұл маусымында қатысушыларға Пелагея Телегина, Леонид Агутин, Александр Градский мен Дима Билан жетекшілік етеді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Ернар шоудың алғашқы кезеңінде Стиви Уандердің Part-Time Lover әнін орындады. 26 жастағы жігіттің дауысына тамсанған төрт тәлімгер де Ернармен жұмыс істеуге дайын екендерін айтты.

Әнші өзін таныстырып, жетекшілердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Есімім Ернар. Жасым 26-да. Қазақстаннан келдім, Нұр-Сұлтанда тұрамын. Алматы қаласындағы "Шабыт" өнер академиясын бітірдім. Оған дейін музыкалық мектепте баян классы бойынша білім алдым, - дейді Ернар.

Отандасымыз үшін таңдау оңайға түспеді. Дегенмен, төрт танымал өнер жұлдыздарының ішінен Ернар жетекші ретінде Дима Биланды таңдады.

Сен кімді таңдасаң да, алдағы уақытта сені жобадан көретінімізге қуаныштымыз, - деді Пелагея.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары