$ 486.44  534.31  5.06

Шетелдік балалар арналарының мультфильмдері қазақ тіліне аударылады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша, қазіргідей ақпараттық тасқын дәуірінде бала санасына мультфильмдердің әсері жоғары.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Атақты “TiJi”, “Disney” арналарының мультфильмдері қазақ тіліне аударылады. Өйткені елімізде бұл арналардың кішкентай көрермендері жетерлік және олар мультфильмдерді орыс тілінде көруге мәжбүр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша, қазіргідей ақпараттық тасқын дәуірінде бала санасына мультфильмдердің әсері жоғары.

"Осы ретте елімізде ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Ұрпақ тәрбиесіне қатысты маңызды саланың бірі — танымал балалар арналарын қазақша "сөйлету". Ауқымды жобалар аясында "TiJi", "Disney" арналарының мультфильмдері қазақшаға аударылады. Балалалар сүйікті мультфильмдерді қазақша тамашалайды", — деді Аида Балаева.

Министр қазақша жобалар балаларға арналған контент мемлекеттік тілдегі сапалы материалдармен толығуына ықпал ететінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары