$ 447.4  477.55  4.76

Димаш Құдайберген Billboard чартында топ-20-ға кірді

Бұл туралы оның әкесі Қанат Айтбаев мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Billboard Hot Trending Songs чартының топ-20 қатарына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы оның әкесі Қанат Айтбаев мәлімдеді.

"Қолдауларыңыз бен ықылас, ниеттеріңіз үшін мың алғыс, құрметті достар!" - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Қазір Димаштың әні рейтингіде 19-орында. Айта кетейік, әйгілі ұлыбританиялық әнші Adele Easy on me әнімен қазақстандық әншіден 500 дауысқа ғана алда.  

Еске салайық, Димаш Құдайберген Fly away әнін Сочидегі "Новая волна - 2021" фестивалінде таныстырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары