02.11.2021, 11:40

Желіде Қайрат Нұртастың бейтаныс қызды көлікке күштеп отырғызған сәті түсірілген ВИДЕО тарады

Фото: видеодан скриншот
Бейне жазбаға қатысты әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова пікір білдірді.

Желді Қайрат Нұртастың бейтаныс қызды көлікке күштеп отырғызған сәті түсірілген видео тарады, деп жазады saryarqanews.kz.

Қалың көпшіліктің қызу талқысына түскен бейне жазбаға қатысты әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова пікір білдірді.

Оның айтуынша, видеодағы ару - Қайраттың жары Жұлдыз Әбдукәрімова екен.

Продюсердің айтуынша, келіні мен ұлы дәл осы видео түсірілген кезде сөзге келіп, ренжісіп қалған.