Мәдениет & Шоубиз 04.11.2021 сағат 10:20

«Мен үшін дұға етіп қойыңыздаршы!»: Жігер Ауыпбаев ауруханаға түсіп қалды

Әнші ауруханада система салып жатқан жерінен өзін видео түсірді.
«Мен үшін дұға етіп қойыңыздаршы!»: Жігер Ауыпбаев ауруханаға түсіп қалды
Фото: коллаж
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әнші Жігер Ауыпбаев инстаграм әлеуметтік желісінде ауруханаға түсіп қалғандығы туралы оқырмандарына жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Әнші ауруханада система салып жатқан жерінен өзін видеоға түсіріп, дұға етіп қойыңыздаршы деп оқырмандарынан сұрады.

"Біздің жағдай осындай. Аяқ асты ауырып қалып, осындай күйге тап болдым, мен үшін дұға тілеп қойыңыздаршы. Бұның бәрі уақытша ғой, өтеді кетеді",-деді әнші.

Жігер мырза Нұрсұлтан қаласына келе алмай қаламын деп алаңдаған болатын. Дегенмен ауруынан айығып "Мәуліт түніне" келгендігін айтты.

"Нұрсұлтан қаласына келе алмай қаламын ба деп қорыққан едім. Алайда Аллаға шүкір сіздердің дұғаларыңыздың арқасында жазылып кеттім. Мәуліт түніне үлгердім Аллаға мыңда бір шүкір! Аман болыңыздар!",-деп сөзін аяқтады әнші.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар