Әнші Ерке Есмаханның "Куә бол" атты естелік жазатын күнделігі жарыққа шықты. Осыған орай, әнші салтанатты кеш ұйымдастырды. Шараға қазақ эстрада жұлдыздары тайлы-тұяғы қалмай жиналды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Бұл туралы әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды. Әншінің "Куә бол" атты күнделігі сол кеште бәссаудада 1 миллион теңгеге сатылып кетті. Еркенің естелік жазатын жазба дәптерін журналист Айнұр Асанберді сатып алды. Өнер иесі қомақты қаржыны өзінің қалтасына басып алмай қайырымдылыққа жұмсағанын айтты.
Мен 1 миллион теңгеге сатамын деп ойлаған жоқпын. Күнделік қыздарға арналған. Оның әр парағына ең бақытты сәттерін, орындалған армандарын, жетістіктерін жазсын деп шығардым, - дейді әнші Ерке Есмахан.