$ 442.05  474.14  4.74

Ақтөбеде Димаштың жанкүйерлері үшін туристік нысан пайда болуы мүмкін

Көп нәрсе оның қалауы мен еркіне байланысты болады.
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне туристік нысан салу жоспарланып отыр. Соның бірі әншінің туған үйі болуы мүмкін. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ОКҚ брифингінде журналистер аймақ әкімінен Димаш Құдайбергеннің туған қаласы Ақтөбеде мұражай ашу немесе оның жанкүйерлері үшін туристік нысан салу жоспарда бар ма деп сұрады. Оңдасын Оразалин "жоспарлар бар" екенін айтты.

"Димаш - бүкіл Қазақстанның мақтанышы. Өзінің талантымен елімізді, соның ішінде біздің аймақты танытқан адам. Бірақ мұнда белгілі бір коммерциялық компоненттер, ұйымдастырушылық компоненттер бар екенін ескеру керек. Біз оның өкілдерімен осы тақырыпта келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Шынында да, қаламызда санитарлық-эпидемиологиялық шектеулер алынғанда, туризмге арналған орындардың бірі Димашпен байланысты болғанын қалаймыз. Осыған орай бес орын, соның ішінде оның үйін таңдадық. Көп нәрсе оның қалауы мен еркіне байланысты болады", - деп түсіндірді әкім.

Оразалин карантин шектеулеріне қарамастан, облыста Димаш Құдайбергеннің есімімен байланысты "Бақытты бала" фестивалі үшінші рет өткізіліп отырғанын атап өтті.

"Жоспарлар бар. Келісімге келсек, хабардар етеміз", - деді Оңдасын Оразалин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары