$ 443.85  474.3  4.8

Әлия Әнуарбек: Мен ерекше бақытты адаммын

Актриса өзімен үндес адамдармен достығы берік екенін айтты.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Актриса Әлия Әнуарбек (Телебарисова) достық жайлы жазба жариялады. Марқұм жолдасы екеуі достықты өте жоғары бағалағанын айтады. Достық жоқшылықта емес, баршылықта сыналады дейді ол.

“Мен ерекше бақытты адаммын. Менің өмірімде тек жақсы адамдар ғана кездесті. Мен барлық адаммен жақын емеспін. Бірақ егер ол адам маған ұнап қалса, мен одан айырылмай қоямын. Егер ол адамды ұнатып қалсам, ол адаммен достықты ерекше бағалар едім. Мен үшін достық деген ерекше сөз. Мен достыққа өте адал адаммын”, – деді актриса. 

Телебарисова өзімен үндес адамдармен достығы берік екенін айтты. Достарды пайдасына қарап емес, адамгершілігіне қарап таңдаймын дейді ол.

“Мен адамды пайдасына қарап ұнатпаймын. Егер онымен көзқарасымыз бір болса, ол мені түсінсе, бірге әңгіме айта алсақ, сол жеткілікті. Аллаға сондай адамдармен кездестіріп қойғаны үшін алғысымды айтамын. Достық тек жоқшылықта ғана емес, баршылықта да сыналады. Бар кезіңде қолдай алды ма, қызғанбады ма? Қуана алды ма? Осы кезды шын сыннан өтеді”, – деді Әнуарбек. 

Айтуынша, марқұм жолдас екеуінің достары көп. Әлі де жақсы қатынаста. Актриса жолдасының жақсы қасиеттері мен ұстанымдарын да айтты.

“Азамат екеуміз үшін достық өте маңызды болды. Ол менің үшін дана аға еді. Сүйікті күйеуім болды. Маған гүл секілді қарады. Дәл осындай қатынасты қадірлей біріңіздер. Дәл осылай өмірде бірге жүру қызықты әрі көңілді емес пе? Ақшасы бар емес, достары көптер бай. Достаса алатындар бай”, дейді ол.

Дереккөз: Stan.kz
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары