$ 494.87  520.65  4.91

Продюсер Тимур Балымбетов алғаш рет әке атанды

Бұл қуанышты жаңалығымен Тимур Балымбетовтың өзі Instagram парақшасында бөлісті.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Отандық танымал продюсер Тимур Балымбетов алғаш рет әке атанды. Жас жұбайлардың көптен күткен сәбиі дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ . 

Бұл қуанышты жаңалығымен Тимур Балымбетовтың өзі Instagram парақшасында бөлісті.

"Бүгін Балымбетов Иса Тимурұлы дүниеге келді. Біз оны армандадық, дұға тілеп, ұзақ күттік. Жаратушыға мың алғыс. Иса мен Лаураның жағдайы жақсы. Олар қазір демалып жатыр. Бізге қолдау білдіріп, біз үшін дұға жасаған баршаңызға рахмет. Лаура сені мақтан тұтамын. Саған деген махаббатым шексіз. Достар, мен енді әкемін!", - деп жазды продюсер. 

Ерлі-зайыптыны барша желі қолданушылары құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр. Олардың қатарында Балымбетовтың достары актриса Альмира Тұрсын, әнші Лидо, Данияр Әлшінов, Қарлығаш Мұхамеджанова, Гулнәр Сілбаева, Индира Еділбаева, Ерке Есмахан және тағы да басқалары бар. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары