Мәдениет & Шоубиз 08.11.2021 сағат 10:00

Әнші Ақбота-Нұрға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Ұсынысты тікелей эфир кезінде жасады.
Әнші Ақбота-Нұрға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Танымал қазақстандық әнші, актриса әрі тележүргізуші Ақбота-Нұр Сейітмағамбетке телеарна эфирі кезінде әріптесі Шерхан Пірназар үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Тележүргізуші әрі актер Шерхан Пірназар әншіге ұсынысты Хабар телеарнасының "Таңғы хабар" бағдарламасында жасаған. - Ақбота, мына шоқ гүлі сізге, алсаңызшы. Бүгін көрермендер үшін де мен үшін де ерекше күн. Толқып тұрмын, маған тұрмысқа шығасың ба?", - деді жүргізуші. 

Ал Ақбота-Нұр ойланып көру керек екенін айтып, қатты толқып, тіпті жылағысы келгенін жасырмады. "Не деп жауап беретінімді білмеймін енді. Сенің жақсы адам екеніңді білемін. Адал дос екеніңді білемін. Ешқашан сөзімді жерге тастамайсың... Пранк емес пе, мен алдандым? Егер пранк болса айтыңдар, қазір әзіл ретінде қабылдап тұрмын", - деді Ақбота-Нұр. 

"Бота, адамның жеке өмірімен ойнамайтын шығармын енді. Бұл ешқандай пранк емес, алдау емес, саған шынайы көңіліммен, шынайы ниетіммен ұсыныс жасап отырмын. Маған тұрмысқа шығасың ба? - деді Шерхан Пірназар.  

Осылайша, әнші бұл үлкен жауапкершілік болғандықтан, ұсыныс туралы ойланып көретінін айтты. Дегенмен ол нақты жауабын бергенше жүзікті өзінде қалдырып, қолына тағып алды. 

Видеоны көрген желі қолданушылары бірден талқылауға кірісті. - "Жай ойын секілді", "Шерханға сенбей тұрмын, ойнап тұрған сияқты. Ақботаның жүрегін ауыртпа. Егер шын болса, жарайсың", "Шерханның отбасы бар емес пе?", "Пранк болды ма сонымен?", "Бақытты болыңдар", "Мен сенбеймін", "Жаным-ау, қорқып қалған өзі. Бағың ашылсын, - деп жазуда көпшілік. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар