$ 494.87  520.65  4.91

Ерке Есмахан: Азамат екеуміз бірге екенімізді жасырамыз деп ойладық, бірақ Дубайда ұсталып қалдық

Азамат Зенкаев Еркеге дейін Әсия есімді арумен талай рет көзге түскен.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Ерке мен Эйзидің көңіл жарастыруы тыңдарман қауымды ғана емес, өнердегі әріптестерін де таңғалдырды. Бірақ бір-біріне ғашық болған той әншісі мен кью-поп әншісіне қарым-қатынас құруға шығармашылық бағыт та, жас айырмашылық та еш кедергі болмаған. Ерке Есмахан биыл 36-ға келсе, Азамат Зенкаев 28-де. Ерке А.Z-мен кездесе бастаған шақта қарым-қатынасын жұрттан жасырамыз деп үміттенген. Алайда Дубайда қос ғашықты таспаға түсіріп алғандар әншінің жоспарын бұзған.

"Біз енді кездесе бастағанда, өзімізше жасырамыз, ешкім білмейді деп ойладық. Бірге көрмесе болды деп ойлап жүрген кезде, екі айдан кейін Дубайға кетіп қалдық. Алматыда тыныш жүре алмаймыз, енді Дубайға барайықшы деп ойладық. Сөйтіп Дубайда бізді ұстап алды. Суреттер, видеолар шығып кетті", - деп ағынан жарылды Ерке.

Азамат Зенкаев Еркеге дейін Әсия есімді арумен талай рет көзге түскен еді. Ал Ерке Есмаханның танымал журналист Асхат Садырбаймен отау құрғаны көпке мәлім. Бүгінде ол алғашқы некесінен Мүсілім есімді ұл тәрбиелеп отыр. 9 жастағы балақаймен бүгінде Эйзидің қарым-қатынасы жақсы.

"Менде тикток қосымшасы бар. Онда мен отырмаймын, Мүсілім отырады, сол үшін жазып қойғанмын", - деп қысқа қайырды рэпер.

2020 жылдың 5 тамызында Азамат Зенкаевтың Ninety one тобынан кеткені жарияланды. Иглздар рэпердің бұл шешімін жеке өміріндегі өзгерістермен байланыстырғанымен, Ерболат Беделхан мұны жоққа шығарды.

"Фанаттардың жазғанын оқыдым. Сол кезде Азаматқа: "Неге бұлай болып жатыр? Мен еш жамандық істеген жоқпын ғой. Қалай күрессем болады? Қалай түсіндірсем болады?" деп айттым. Азаматтың айтқаны, ешқандай ештеңе де түсіндіруге сен міндетті емессің. Сен менің қасымдасың, екеуміз біргеміз", - дейді Ерке.

Ерке мен Эйзи жұп атанған соң, көптің қызығушылығын оятқаны рас. Әлі күнге дейін фанаттар олардың әр басқан қадамын фото-видеоға түсіріп, желіге жүктеп отырады.

"Екеумізге бірігу керек болды, не істейміз енді, махаббаттан басымыз айналып, шығармашылық жайына қалды. Әрі қарай оны алға басып, бір жол көрсететін адам керек болды. Содан кейін біз осы Жан Мұқанов мырзаға хабарластық", - дейді Ерке.

Бүгінде шығармашылықтарын қайта қолға алған Ерке мен Эйзи "Тойдың да ауылы алыс емес" дейді.

Дереккөз: Stan.kz
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары