Мәдениет & Шоубиз 10.11.2021 сағат 10:00

Әнші Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуімен ажырасып кетті

Екінші некесі де сәтсіз аяқталған әнші жолдасын кешіргенін мәлім етті.
Әнші Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуімен ажырасып кетті
Фото: Instagram/moldir
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты құпияның шетін ашты. Әнші күйеуімен ажырасып кеткенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мөлдір Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен сұрақ-жауап ұйымдастырды. Әнші "Тұрмыстасыз ба?" деген сауалға: "Жоқ" деп жауап берді.

Екінші некесі де сәтсіз аяқталған әнші жолдасын кешіргенін мәлім етті. 

Әуелбекова жалғызбасты ана болудың қаншалықты қиын екенін айтып, шағымданған оқырманына кеңесін айтты.

"Мен ұлым мен қызыма қарап өмірге деген құлшынысым оянып, күш-жігер аламын. Себебі менде басқа амал жоқ... Балапандарымды бағып, тәрбиелеп, аяққа тұрғызып, жеткізуім керек. 

Сіз де құлазымаңыз! Еш мойымаңыз! Алла көтере алмайтын сынақ бермейді! Өміріңіздің әрбір сәті тек Алланың қалауы! Шүкір, тәубе етіңіз! Алла жар болсын", - деп жазба қалдырды ол. 

Мөлдір болашақта әншілікті біржола тастайтынын хабарлады.

Айта кетейік, әнші 2020 жылы екінші рет тұрмыс құрған болатын. Әуелбекова 2021 жылдың маусым айында қыз баланы дүниеге әкелді. Әншінің бір ұл, бір қызы өсіп келеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар