$ 444.22  476.38  4.82

Байзақованы көтеріп алған Қуат Хамитов желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Байзақовамен бірге суретке түсіп жатып, оны көтеріп алады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Отандық файтер Қуат Хамитов Instagram парақшасында Айжан Байзақовамен түскен видеосын жариялап, желідегілердің қызу талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

 

Желіде тараған видеодан спортшы мен атышулы блогер бірге түскен фильмге арналған шарада бой көрсеткенін байқауға болады. Кенет Қуат Хамитов камера алдында Байзақовамен бірге суретке түсіп жатып, оны көтеріп алады. 

"Біз жеңдік! Айжан, күні мен уақытын белгіле! Мен дайынмын", - деп жазды файтер видео сипаттамасында. Видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікірлерін жаудырды.

"Той қашан", "Махаббат адамды таңдамайды", "Қуат Айжанға ғашық", "Үйленіп кетіп жүрмеңдер" , - деп жазды олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары