$ 448.89  477.93  4.76

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылды

Кинокартина бұған дейін де бірнеше халықаралық дәрежедегі кинофестивальдерге қатысып, сыйлыққа ие болған.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың "Сары мысық" фильмі "Оскарға" ұсынылды. Аталған жоба "Қазақфильм" студиясының қатысуымен түсірілген, деп хабарлайды Stan.kz. 

"Сары мысық" кинокартинасы "Шет тіліндегі үздік фильм" аталымы бойынша сыйлыққа ұсынылып отыр. Туынды кинопремияның лонг-лист тізіміне еніп үлгерді. 

Аталған фильмде басты рөлдерді Азамат Нығманов, Камила Нұғманова, Еркен Ғұбашев, Ержан Жаманқұлов және Санжар Мәди сомдаған. 

Атап өтетін жайт, кинокартина бұған дейін де бірнеше халықаралық дәрежедегі кинофестивальдерге қатысып, сыйлыққа ие болған. Биыл қыркүйек айында Италияның Верона қаласында өткен кинофестивальде "Үздік фильм" деп танылған. Дәл осы аталыммен жуырда Бельгияның Бюгге қаласында өткен фестивальде марапатталған.

Сондай-ақ, Швеция астанасы Стокгольмде өткен Hope International Film Festival-де Әділхан Ержанов "Үздік режиссер" атанды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары