$ 446.49  475.38  4.79

Айнұр Ілиясова: Күйеуім ашық сахналарға қарсы, бірақ мен сүйісуге дайынмын

Қатты ашық сахналар болмаса, сүйісуге дайынмын дейді актриса.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Айнұр Ілиясова актер мамандығын таңдаған адам кез-келген арсыздыққа дайын болу керек деген пікірде. Айтуынша, ұстазы солай үйреткен. "Сәбинка келін" фильмі арқылы танылған Айнұрдың өзі кадрда жұбымен сүйісуге қарсы емес. Алайда үшінші рет ана атанғалы отырған Ілиясованың жары бұған қалай қарайды?

"Біз актерміз. Актер деген арсыз болу керек, деп айтатын бізге. Театрда болсын, басқа жерде болсын, киім ауыстыру керек болса, "ойбай, ары қара" деп тұрмайсың. Оған уақыт та жоқ. 

Киіміңді шешесің, ауыстырасың. Темекіңді тартасың. Шешіну керек болса, шешінесің. Қазіргі кезде, Құдайға шүкір, дублерлар да бар", - деген Айнұр ашық сахналарға күйеуінің қарсы екенін жеткізді. 
Алайда жақсы ұсыныс түссе: 

"Қатты ашық сахналар болмаса, сүйісуге дайынмын", - деді актриса. 

Айнұр әкесіз өскен қыздардың қатарында. Ол әкесімен көп жылдардан кейін бір-ақ танысқан. Бүгінде ол кісі Ауғанстанда тұрады. 

"Қарым-қатынасымыз жақсы. Ол басқа мемлекетте тұрғаннан кейін, телефонмен ғана сөйлесеміз. Осыдан 6-7 жыл бұрын кездестік, Алматыны көрсеттім. Ауғанстанда қазіргі жағдайлары мәз емес, сондықтан айына 1-2 рет қана тілдесіп тұрамыз", - деді Айнұр.

Айнұрдың өзі бүгінде екі қыздың анасы. Үшінші сәбиін күтіп жүрген актриса қыз баланың өмірінде әкенің қаншалықты үлкен рөлге ие екенін жақсы біледі. 

"Өте маңызды. Өз басым әкесіз өстім. Өзінің штамптары бар. Өйткені қыз бала бой жеткен кезде әкесіне қарап жар іздейді. Әкесіз өскен қыздарда психологиялық тұрғыдан өте көп проблема болуы мүмкін", - деді Айнұр. 

Дереккөз: Stan.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары