Отандық жұлдызды жұп Жазира мен Жанболат 90-жылдары Алматыда мектеп маңында шемішке сатып, күн көрген кезін еске алды. Бұл туралы олар Нұрлан Албанға берген сұхтбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жазира мен Жанболат жас кезінд көптеген қиындық пен тұрмыс тауқыметін бастан кешіргенін өзге де сұхбаттарында үнемі айтып жүреді.
Десе де, соған қарамастан, қиындыққа толы кезеңдерді, әсіресе, шешімке сатып күн көрген күндері туралы елге айтқысы келмейді екен. Бұл туралы әнші өзінің кезекті сұхбатында жеткізді.
"90 жылдары Тәуелсіздігімізді енді алып жатқан кез. Кеңес үкіметі ыдырап, қиын жағдай болып кетті. Елдің бәрі, шыны керек немен айналысарын білмеді ғой. Оқу бітіргеннен кейін жан-жаққа бөлетін. Оның барлығы жойылды. Бәрі коммерциямен айналысып кетті. Оқу бітіріп ауылға бардық. Достарымызға қарасақ, бәрі саудамен айналысып жүр. Ауылдағы жігіттермен қосылып, сомен айналыстық", - дейді Жанболат.
Жазира болса, кейде бұл қиындықтардың барлығын ешкімге айтқысы келмейтін сәттер болатынын жеткізді.
"Алматының маңында шемішке, чупа-чупс, сағыз сатып, бір мектептің қасында тұрдық. Одан кейін өстік, жеміс-жидек сататын болдық базарда. Мұның өзі бізге жетістік болатын. Бірден жарқырап шығып кетпей, бәрі сатымен болды. Кейде жаңағы әңгімені айтуға да ұяламыз. Базарда тұрдық, қиындық көрдік деп айту ұят деп ойлаймын. Біздікі, кезіндегі 33-жылдардағы аштықпен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл ғой. Жылдан жылға өмір сүру жеңілдеп келе жатыр. Тәуелсіздік алдық, еркіндік бар. Кім не істеймін десе де, немен айналысамын десе де, мүмкіндік бар. Ақша жоқ деп отыра бермей, кішкентайдан бастаған еңбек тәтті әрі берекелі болады", - деді ол.