$ 494.87  520.65  4.91

«Мені байлар төсекке сүйрейді»: «Қызылорда аруы» басынан өткен жағдаймен бөлісті

"Қазақстан аруы" байқауына қатысқан әрбір қыздың басында болатын жағдай" - дейді ол,
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

2019 жылы "Қызылорда аруы", 2020 жылы "Ғалам аруы" атанған Кәмила Серікбайға бай-бағландар төсек қатынасын жиі ұсынады екен. Аруға бұл өте ауыр тиіпті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Кәмилә Express Qazaqstan тілшісіне жас қыздарға ондай ұсыныстан қорқудың қажеті жоқ екенін айтты. Бұл байқауға қатысқан әрбір қыздың басында болатын жәйт деп отыр.

"Қазақстан аруы" байқауына қатысқан әрбір қыздың басында болатын жағдай. Бұған налудың қажеті жоқ. Керісінше, ешкімнен қорықпай, өз-өзіңе сенімді болуың керек. Әлеуметтік желіде маған байшыкештер төсек қатынасын жиі ұсынады. Оларға жоқ деген жауап беремін", — дейді Кәмила Серікбай.

Естеріңізге салсақ, осыдан бір жыл бұрын "Қызылорда аруы — 2017" байқауының жеңімпазы Гүлнұр Нұртаза жұмыс таппай, Алматыдағы дәмханада ыдыс жуып, аспаздың көмекшісі болып жүргенін айтқан еді. Өйткені оған да бұрынғы жұмысындағы бастықтары төсек қатынасын ұсынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары