Қазақстандық әнші Әділхан Макин ресейлік "Голос" жобасынан шығып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Өнер иесі жекпе жек кезеңінде Мирослава Кочева, Марина Моисеевамен бірге "Ты на свете есть" композициясын орындады. Қойылымнан соң үш әншінің тәлімгері Александр Градский әрі қарай Мирославамен жұмыс жасағысы келетінін мәлімдеді.
Осылайша, Әділхан мен Марина ресейлік "Голос" жобасынан шығып қалды.
"Баршаңызға көп рахмет. Александр Борисович сізге басымды иемін. Барлығына сәттілік", - деді Әділхан тәлімгерінің шешімінен кейін.
Айта кетейік, ресейлік "Голос" жобасының осы маусымында қазақстандық танымал әншілер "көрмей тыңдау" кезеңінен сәтті өткен болатын. Олардың қатарында Әділхан Макиннен бөлек Әлішер Каримов пен ел арасында "Әмре", "Бүркіт" лақап аттарымен танылған Ернар Садырбаев бар.