$ 494.87  520.65  4.91

«Еркектің туғанын бірінші рет көріппін»: АZ-дің жаңа бейнебаяны сынға ұшырады

Жаңа картинада сүйіктісі Ерке Есмахан бой көрсеткен.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев тыңдарманын жаңа бейнебаянмен қуантты. Алайда жұптың жаңа өніміне сын айтқандар саны баршылық. Қос әнші бейнебаянды қалай түсіріп шыққанын баяндап, алдағы жоспарын бөлісті, деп жазады Stan.kz.

Азамат Зенкаев “Ту” атты бейнебаянының таныстырылымын жасап, баспасөз мәслихатын өткізді. БАҚ өкілдері мен бірнеше телеарна жиналып, қызықтырған сұрақтарын қойып үлгерді. 

Зенкаев бейнабаянның қалай шығарылғанын, идеяның қалай басталғанын баяндап берді. 

Айта кетейік, жаңа картинада сүйіктісі Ерке Есмахан бой көрсеткен. 

“Мен әрбір туындымда жаңашылдықты жақсы көремін. Ұзақ ойланамын. Сапасыз болса кейінге қалдырамын. Менің көңілімнен шықпайынша, оны жарыққа шығармаймын. Еркеге актриса бол деп ұсыныс айтқанда, ол бас тартты. Кейін көнді. Егер Ерке болмағанда тақырып ашылмас еді. Ол бейнебаянда толығымен көңілімнен шықты”, – деді Зенкаев. 

Айтуынша, әнші “Ту” атты бейнебаянда қазақтың санын көбейту мәселесін көтергісі келген. Идеяның пайда болу сыры сонда. Жаңа туында Зенкаевтың да, Екенің де көңілінен шыққан екен.

“Мен бастапқыда түсінбедім. Менің тыңдарманым түсінбейді деп ат тонымды ала қаштым. Кейін Азамат түсіндіріп берді. Мағынасын түсіндірген соң мен келістім. Жалпы керемет туынды. Маған қатты ұнады. Ұзақ уақыт кетті. Толығымен Азаматтың идеясынан туған дүние”, – деді Есмахан. 

Қос әнші алдағы уақытта романтикалық туында жасауды ойланып жүр. 

Ал желі қолданушыларының бірі жаңа туындыны қолдаса, енді бірі сын айтты. Олар картинаның түк мәні жоқ деп сөкті. 

“Мәтін, монтаж, идея жоғары деңгейде, ерекше, базар жоқ”, “Білмеймін, қай жерін супер деп мақтайсыңдар?”, “Өмірімде бірінші рет хейтерлерге беретін жауабым жоқ, қорғайтын фактілер де жоқ”, “Мен үшін тыңдауға тұрарлық ән емес. Өз басым плейлистке қоспақ былай тұрсын, екінші рет тыңдамас едім. Мүмкін сөзінде мағына бар шығар, бірақ мағына үшін тыңдамайсың ғой, ән сапасына келгенде нашар”, “Еркектің туғанын бірінші рет көріппін", “Мынау деген масқара ғой”, “Маған әні ұнады”, “Қайда бара жатырмыз мынадай өнермен?”, – деп жазды олар. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары