$ 444.22  476.38  4.82

Елдос Сметов пен Рухия Байдүкенова "Дарын" сыйлығымен марапатталды

Сыйлық 10 аталым бойынша табысталды.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Нұр-Сұлтанда "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері марапатталды. Лауреаттарды марапаттау "Тәуелсіздік ұрпақтары" республикалық жастар форумы аясында ұйымдастырылды. Сыйлық 10 аталым бойынша табысталды, деп хабарлайды Stan.kz. 

Сонымен, "Дарын-2021" мемлекеттік жастар сыйлығын: 

"Ғылым" номинациясы бойынша – Есіркегенов Нұрғиса Аманкелдіұлы; 

"Қоғамдық қызмет" номинациясы – Сансызбайұлы Балмейір, Бахретдинов Валихан Кабимуллаевич;

"Журналистика" номинациясы – Кеңшілік Ғалымжан Бауыржанұлы, Тұлжан Ақбөбек Нұрбаулықызы;

"Халық шығармашылығы" номинациясы – Елеусіз Ардақ Тимурұлы, Олжабай Темірлан Мақсатұлы, Наурыз Ернат Нұрбергенұлы; 

"Классикалық музыка" номинациясы – Әбілда Алтынбек Еркінбайұлы; 

"Театр және кино" номинациясы – Танабаева Ақмарал Нұрайқызы, Қанатқызы Риза; 

"Спорт" номинациясы – зілтемірші Сон Игорь Сергеевич, дзюдошы Сметов Елдос Бақтыбайұлы; 

"Эстрада" номинациясы – Байдүкенова Рухия Еділқызы, Алмадиев Әлібек Бекболатұлы; 

"Әдебиет" номинациясы – Сәрсенхан Батырхан Бөріханұлы, Ахмер Біржан Ермекұлы; 

"Дизайн және бейнелеу өнері" номинациясы – Атабек Әлібекұлы Бекболатов иеленді.

Айта кетейік, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы жыл сайын талантты жастарды қолдау мақсатында, ғылым, шығармашылық, спорт салаларындағы жетістіктері мен қоғамдық белсенділіктері үшін беріледі. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары