$ 494.87  520.65  4.91

«Шама келіп жатса, алғанға не жетсін»: Мақсат Базарбаев тоқал алу туралы пікірін айтты

Мақсат Базарбаевтың айтуынша, ол әзірге екінші әйел алуға дайын емес. Себебі, оның бар арманы балаларын жеткізіп, адам қатарына қосу.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Мақсат Базарбаев екінші әйел алу туралы өз пікірін жеткізді. Айтуынша, ол әзірге тоқал алуға дайын емес. Әнші "бар ойым - төрт баламды жеткізу" деп ағынан жарылды. Десе де, Базарбаев екінші әйелді шамасы жеткендер алған дұрыс деген пікірде.Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында осы мәселеге қатысты өз ойын ашық айтты.

Мақсат Базарбаевтың айтуынша, ол әзірге екінші әйел алуға дайын емес. Себебі, оның бар арманы балаларын жеткізіп, адам қатарына қосу.

"Шама келіп жатса, алғанға не жетсін? Шамаң келсе - ал. Екеуіне бірдей қарау керек. Алыңдар деген, бірақ қайырлысы - бір әйел. Мен үшін Алла қосқан жарымнан туған балаларымды аяққа тұрғызсам, сол да жетеді деп ойлаймын, өз басым. Бәріне топырақ шашпаймын. Алам десе, әркімнің өз өмірі өздеріне. Бірақ адам бес жылдан кейін не болатынын білмейді ғой", - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары