Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жапон тілінде лирикалық композицияны орындап, жанкүйерлерін тәнті етті. Димаш Құдайберген әлемдік сахнаны бағындыруды жалғастыруда.
– Биыл тағы да Tokyo Jazz-да өнер көрсететініме қуаныштымын. Біз тікелей Қазақстаннан тағы бір тамаша қойылым әкелеміз деп үміттенеміз. Биыл фестиваль өзінің 20 жылдығын тойлап жатыр. Мен өзім үшін ерекше ән ұсынғым келеді, – деді Димаш Құдайберген.
Токио джаз фестивалі 2002 жылы негізі қаланған Жапониядағы ең басты халықаралық фестиваль.