$ 494.87  520.65  4.91

«Мылтықтың оғы жүрек тұсына тиген»: Бауыржан Сатов әкесінің қазасы жайлы айтты

Актер үш жасында жетім қалған.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Бауыржан Сатов әкесі қайтыс болғанда 3 жаста болған. Өзінен кейін бір інісі бар. Актер көп жерде айта бермейтін сырын ақтарып, әкесінің қазасы жайлы ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

“Мен үш жасымда әкемнен ерте қалдым. Інім ол кезде 8 айлық болатын. Әкем жаңадан үй салып жатқан кезі еді. Әжемнің кішігірім дүкені болатын. Арақ-шарап сататын. Көршілер келіп, мазалаған болу керек. Әжемдерге ауыр сөз айтып, жанжал туады. Әкем – батыстың жігіті. Қызуқанды. Бірден ұрысқа араласады. Ата-анасын қорғамақ болады.

Сонда олар 3-4 кісі. Әкем жалғыз. Қолдарынды қосауыз мылтық бар. Әкем қарусыз. Солай оқ әкемнің жүрек тұсына тиеді. Екінші оғы итке тиеді. Әкем қансырай бастайды. Анам оның жараланған жерін қолымен басып, шок күйде қалады. Ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер көмектесе алмайтынын айтады”, – деді актер. 

Бауыржан Сатов әкесінің қазасы жайлы анасынан қазбалап сұрағысы келмейді. Егер кек туса, оның салдарынан қорқамын дейді. Ал анасы 24 жасында жесір қалып, екі ұлын өсірген. 

“Дәрігерлер жас анаға ешқандай көмектесе алмаймыз деп бірден айтқан. Анам әкемнің қазасын естіген соң, әрине, қайғырады. Бірақ біздің бар екеніміз есіне түсіп, қайта үйге жүгіреді. Бізді жалғыз тастап кеткен екен. Мен жылап жатқан інімді жұбатып, әлдилеп отыр екем. “Қазір мама келеді” деп жұбатып отыр екем. Анам сол кезді есіне түсіріп айтқан еді”, – дейді актер. 

Бауыржан Сатов әкесінің орны ерекше екенін, кей сәтте әкесіз өскеніне қиналатынын жеткізді. Алайда анаммен бірге өзім тұрамын деп кесіп айтты. 

“Мен бір түсіне алмайтыным, әкем қарулы адамдарға не үшін жалаң қолмен шыққан? Олардың қаруы бар екенін біле тұра өзі жүгіріп шыққан. Сақтанбаған. Осыны түсіне алмаймын. Мүмкін, әкем болғанда басқаша болар ма еді? Кей кезде әке тәрбиесінің болмағанына өкінемін. Кейде қынжыламын. Анаммен бірге тұрамын. Мен үйдің үлкені болсам да, анаммен бірге тұрамын деп шешкенмін. Анама үй салып беруім керек”, – дейді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары