29.11.2021, 12:20

Димаш Құдайберген жапон тілінде ән шырқады

Фото: ашық дереккөз
Димаш Құдайберген әлемдік сахнаны бағындыруды жалғастыруда.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жапон тілінде лирикалық композицияны орындап, жанкүйерлерін тәнті етті. Димаш Құдайберген әлемдік сахнаны бағындыруды жалғастыруда.

– Биыл тағы да Tokyo Jazz-да өнер көрсететініме қуаныштымын. Біз тікелей Қазақстаннан тағы бір тамаша қойылым әкелеміз деп үміттенеміз. Биыл фестиваль өзінің 20 жылдығын тойлап жатыр. Мен өзім үшін ерекше ән ұсынғым келеді, – деді Димаш Құдайберген.

Токио джаз фестивалі 2002 жылы негізі қаланған Жапониядағы ең басты халықаралық фестиваль.