$ 449.58  486.94  4.86

Танымал әндерді шырқаған қызылордалық жұмысшы қыз желі жұлдызы атанды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желі қолданушылары бойжеткеннің әніне тәнті болып, төмендегідей пікірлер жазды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде қазақ және шетелдік танымал әндерді нақышына келтіріп орындаған жұмысшы қыздың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны "МузАРТ" тобының мүшесі, танымал қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында жариялады.

"Қызылорда облысының тумасы Дана Серікбаймен танысыңыздар. Ол 1994 жылы өмірге келген. Оның музыкалық білімі жоқ. Бірақ, Алла оған әдемі дауыс пен дарын берді. Қазір ол Алматыда пәтерлерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүр", - деп жазды әнші.

Әлеуметтік желі қолданушылары бойжеткеннің әніне тәнті болып, төмендегідей пікірлер жазды:

"Қандай әдемі дауыс! Керемет орындау!".

"Таза дауыс екен".

"Талант бар, таныс жоқ".

"Сахнаға шығару керек, әйтпесе дауыссыз әншілер көп болып кетті".

"Ол құрылыста не істеп жүр??? Оның орны сахна ғой".

"Жарайсың, керемет айтады екенсің!"

"Қажетті және маңызды адамдар бұл туралы білсе, табиғат берген талантын ашуға көмектессе жақсы болар еді".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қызылорда #ән