Теңіз жағасында тұруды армандаймын! Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов Түркиядан үй сатып алды. Актриса шетелден алған үйін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.
"Тұрғын-үй осы (ақылды үй, бассейн, т.б.). Пәтердің суреті менде жоқ екен. Айтпақшы біз бұл үйді қазаншұңқыры қазылған кезде сатып алдық. Бір жыл ішінде бағасы екі есе өсіп кетті. Жақында үйдің қасынан метро салынады, сөйтіп форбсқа шығамыз. Қысқасы, ұтымды бағамен сатып алдық. Жақында кілтін алып, жиһазын таңдауға барамыз", - деп жазды ол.
Бұдан бөлек, Жәния өмірде неден қатты қорыққанын айтты.
"Әкем мені қатал тәрбиеледі. Әр қадамымды тек әкемнің рұқсатымен басатынмын. Макияжға, тырнақ өсіруге, шорты мен белдемшелерге қарсы болатын. Кешкі сағат 10-нан кейін телефонды алып қоятын, кешке серуендеуге рұқсат бермейтін. Барлығы оның бақылауында болды. Сол кезде болашақта ешкімге тәуелді болмау үшін барымды саламын деп шештім. Еркектен де, бастықтан да тәуелсіз болу. Менің қорқынышым - еркіндіктен айырылып қалу", - деді ол.