$ 494.87  520.65  4.91

«Халық қолдайды деп ойламаппын»: Үйге жөндеу жұмысын жүргізіп, ән шырқаған ару өзінің қалай танымал болғанын айтты (ВИДЕО)

Продюсер Жан Мұқанов оған ән жаздырып та үлгерген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде үйге жөндеу жұмыстарын жүргізетін бойжеткеннің "Әдемі қыз" әнін тамылжыта шырқаған сәтінен видео тарап, қызу талқыға түсіп жатыр. Бүгінде продюсер Жан Мұқанов оған ән жаздырғаны белгілі болып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көпшілікке бейтаныс бойжеткеннің ән шырқаған сәтінен видеоны көрген желі қолданушылары оны танылмаған талантқа балап, өнеріне тәнті болып жатыр. Өзін желі парақшасында Дана деп атап жүрген бойжеткеннің айтуынша, оны әп-сәтте танымал еткен видеоны құрбысы түсіріп, TikTok-та жария еткен.

"Ешқашан мені дәл осылай халық қолдайды деп ойламаппын. Себебі, бұл менің жүрегімде тұншықтырып қойған арманым еді. Жұмыста жүргенде ән айтып жатқанымды құрбым сыртымнан видеоға түсіріп, TikTok-қа салып жіберіпті. Содан соң, осылай хит болып таралған", - деп жазды Дана.

Осы орайда, блогер Дәулет Мұқаев көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген арудың талантын бағалаған продюсер Жан Мұқанов оған ән жаздырғанын жария етті.

"Шын есімі - Гүлмайдан. Өзін Дана деп атайды. Менің жазбамды көріп, еліміздегі белді продюсерлердің бірі Жан Мұқанов жекеме шықты. Нәтижесінде бір күнде ән жазылды! Әріптестеріме рақмет. Менің үндеуімді жерге тастамай, бір күнде таланттың жұлдызын жақтық", - деп жазды Дәулет. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары