$ 439.43  473.31  4.82

Жапон ақыны Димаштың өнеріне жоғары баға берді (ВИДЕО)

Димаш 28 қараша күні Токиода өткен джаз фестивалінде алғаш рет жапон тілінде ән шырқаған еді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

"Ikanaide" атты әннің сөзінің авторы Горо Мацуи белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің өнерін жоғары бағалады. Жапон ақыны оның бұл әнді жапон тілінде өте әдемі орындаған алғашқы шетелдік әнші екенін айтты, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Бұл туралы Димаштың әкесі Қанат Айтбаев Facebook-тегі парақшасында жазды. Горо Мацуи Димаштың жапон тілінде ән айту деңгейіне жоғары баға берді.

Шетелдік әнші "Ikanaide" әнін біздің төл тілімізде орындады. Мен оны шетелдік әншілердің айтқанын естідім. Бірақ ол — бұл әнді жапон тілінде соншалықты әдемі орындаған алғашқы әнші, -деп жазды Мацуи Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Димаш 28 қараша күні Токиода өткен джаз фестивалінде алғаш рет жапон тілінде ән шырқаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары