03.12.2021, 12:40

Түркістандық 70 жастағы қария марқұм әйелінің асы өтпей, жар іздеп, QosLike бағдарламасына келді

Фото: ашық дереккөз
Түркістан облысы Қазғығұрт ауданының тұрғыны, Жоралы есімді 70 жастағы қария жас әйел іздеп отандық бағдарламаға келді. Оның таңдауы өзінен 35 жас кіші аруға түсті. Алайда 35 жастағы Индира оның ұсынысын қабыл алмады.

QosLike бағдарламасы қыз бен жігіттердің танысу алаңы екені көпке белгілі. Онда шас шамасына қарамастан әр өңірден үміткерлер келіп жатады. Бірі қатысушы болып келсе, бірі өз таңдаған қыз-жігіткер үміткер болып келеді. 

Дәл осындай ниетпен 70 жастағы қария ат арылтып Түркістан облысынан жетті. Қарияның таңдауы 35 жастағы Индира есімді аруға түсті. Алайда бұл бойжеткеннің көңіл-күйін түсіріп жібергенге ұқсайды. 

“Менің есімім Жоралы. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданынан келдім. Әйелім қайтыс болған соң жар іздеп келдім. Әлі жылы өткен жоқ. Бір жыл болған жоқ. Бірақ марқұм әйелімнің асын берген соң үйленейін деп шештім. Соған дайын тұрсын деп ойладым. Оның үстіне Индираны ұнатып жүрмін. Үнемі теледидардан көріп келемін. Басқа жігіттерден кәдімгідей қызғанамын. Одан айырылып қаламын ба деп қорықтым”, – деді үміткер. 

Алайда Индира ханым әйелінің жылы өтпей жар іздеп жүрген қарияның әрекетіне қайран қалды. 

“Әйеліңізді тез ұмытып кеттіңіз бе? Ол кісінің қайтқанына бір жыл да болмапты ғой. Балаларыңыз қарсы емес пе?”, – деп сұрады.

“Балаларым қарсы емес. Менің қиналып жүргенімді біледі ғой. Келіндерім біледі. Әйелімнің асын берген соң үйленемін деп ойлап келіп тұрмын. Мені танысып кел деп жіберді”, – деді ол. 

Алайда Индира ханым бұған айтарлықтай таңданыс білдірді. 

“Менің көңіл-күйім түскен жоқ. Жай ғана таңғалдым. Осында азаматтар келеді деп ойламаппын. Менің жасым 35-те. 30 бен 40 жас аралығындағы азаматтармен танысамын деп талаптарымды ескерткенмін”, – деді бойжеткен. 

“Ата, сіз менің әкемнен үлкен адамсыз. Анамның өзі 54 жаста. Әкем сізден кіші. Сондықтан келгеніңізге рахмет. Мен сіздің ұсынысыңызды қабылдай алмайсыз”, – деді Индира ханым.