$ 494.87  520.65  4.91

«Бес жыл отасқан жарым орыс жігіті еді»: Бір күнде танылған «сылақшы» қыз жеке өмірі туралы айтты

29 жастағы әнші жеке өмірі, өзегін өртеген өкініші туралы әңгіме өрбітті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бірер күннің ішінде дауысының арқасында жұлдыз болған "сылақшы" қыз Гүлмайдан Серікбай алғаш рет өзінің жеке өмірі туралы айтып берді. "Менің өмірім" бағдарламасына қонақ болған 29 жастағы әнші жеке өмірі, өзегін өртеген өкініші туралы әңгіме өрбітті. Ол жуырда айырылысқан жолдасы өзге ұлт өкілі екенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Құрылыс басына ән айтқан видеосы дүйім елдің ықыласына бөленген, дауысымен елді тәнті еткен Гүлмайдан Серікова өзінің жеке өмірі туралы ашық сұхбат берді. Әншінің айтуынша, қазіргі күні ол төрт жасар ұлының әкесімен бірге тұрмайды. Бес жыл отасқан жарымен дәм-тұзы жараспай екеуі екі жаққа кетуді ұйғарған екен.

"Бес жыл тұрдым, оның көзқарасы басқа, менің көзқарасым басқа болды. Екеуіміз мүлдем екі бөлек адам екенбіз. 21 жасымда тұрмысқа шықтым. Ұнаттық, сүйдік, сөйтіп қосылған едік. Бірақ аяғында екеуіміз бірге тұра алмайтынымызды түсіндік. Екеуіміз у-шусыз, үлкендерше екі бөлек кеттік. Ұлымыз төртте", - дейді ол.

Гүлмайдан жолдасынан кеткен соң Алматыға келіп, күнкөрістің қамымен түрлі қара жұмыс істеуге кіріскен. Үй жинау, құрылыс басындағы жұмыстар, автобуста кондуктор сынды жұмыстардың барлығын арланбастан істедім, дейді ол. 

"Тауық сойып, оны тазалаумен айналысқанмын, егістік басына барып тажұмысістеп көрдім. Ауылда өскеннен кейін барлық шаруаға епті болдым. Жиіркеніп, жұмыстан қашпаймын. Ондайым жоқ. Сөйтіп, еңбектеніп жүрген кезімде аяқ астынан болып кетті", - дейді Гүлмайдан өзінің бір күнде жұлдыз атанғанына таңғалып.

Одан бөлек, сұхбат барысында Гүлмайдан бұрынғы жары орыс ұлтынан екенін де айтып қалды.

"Негізі менің жолдасым - орыс жігіті. Көп адам мені сөгіп жатады. Неге өзге ұлтқа тұрмысқа шықтың деп. Бірақ бұл тағдыр деп ойлаймын. Расын айтайын қазақ болмағаннан кейін, той ештеңе болмады. Бірақ ресми некелестік. 23 жасымда ана атандым, бес жыл бірге тұрып, ұлды болдық. Қазір айтқым келмейді. Ажырасқан деген сөздерден қашамын. Менің өзімнің жеке ойым, арамыз суып кеткен сияқты. Ұлымыз екеуінің арасы өте жақын. Екеуі бір-бірін қатты жақсы көреді. Сондықтан, ол туралы әңгіме айтылса, көзімнен жас шыға береді. Отбасылық өмір мен өнер жолын бірге қатар алып жүру қиын болатын сияқты. Себебі мен рухани мықты адам емеспін.

Кейде өкініш болады. Неге тұрмысқа шығуға асықтым екен деп ойлаймын. Ойлағанымдай болғаным үшін қынжыламын. Негізі кім ажырасқысы келіп ажырасады? Екінші, үшінші болғанын қаламаймын. Балама басқа адам әке бола алмайды. Ал ұлымның әкесімен қосылу мүмкін емес. Себебі арамызда көп нәрсе болған. Әйел мен күйеу болып тұру үшін, жоқ дегенде 2-3 ортақ қызығушылық болуы керек. Ал ол кісі екеуіміздің талғамымыз да, барлығы сәйкес келмейді. Оны бірге тұрып бастаған кезде ғана түсіне бастайды екенсің", - деген Гүлмайдан көзіне жас алды. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары