Әнші Қарақат Әбілдина бірер күн бұрын 50 жастағы әйелдің тұсауын кескен.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
50 жастағы әйел "екі келінім қыз тусын" деген ниетпен жасалған.
"Қайырлы күн жақсы адамдарым!
Кешегі күн қызығы көп сәттермен есімде калады. Ерекше болған жағдай баланың тұсауын кесiп болғаным сол еді, жасы 50 дің шамасындағы салиқалы апайымыз келiп менің де тұсауымды кесіп берсеңіз - деп өтінді. Басында әзіл шығар деп ойласам, шын айтып тұр екен. Сөйтіп көпшіліктің алдында алғаш рет үлкен кісінің де тұсауын кестім. Екі келіні бар екен "кыз немере сыйласыншы, сіздің жолыңызды берсiн"- деп, ырымдаған түрі.
Ырым демекші кеше достарыммен жиналып тағы бір қызық жағдайды еске алдық. Бір отырыста бала көтергісі келіп жүрген қыздарға кілең егіздетіп босанған көп балалы аналар тұрып бұттан өту ырымын жасаған болатынбыз.
Ең қызығы бұттан өткен қыздардың барлығы қырықтан асқанда бепелі болған екен. Арасында өтпеген қыздар да болған бiз өтпеп едік болмады-деп, осы әңгімені өздері айтып отыр кеше.
- Сәйкестік пе? ниеттен бе? Кызық.
"Өмірде талай қызық бар" - деген осы шығар. Ал сiздер ырымға қалай қарайсыздар?, деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.