$ 448.56  478.03  4.79

Андрей Малахов Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

Бибігүл Төлегенова 16 желтоқсанда 92 жасқа толды.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Ресейлік танымал тележүргізушілердің бірі Андрей Малахов аты аңызға айналған қазақстандық әнші Бибігүл Төлегеноваға арнайы бейнехабарлама жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Құрметті де қадірлі Бибігүл Ахметқызы! "Сәлем, Андрей" бағдарламасының студиясы және Ресейдің барлық көрермені Сізді туған күніңізбен құттықтайды. Сізге денсаулық, сәттілік, табыс тілейміз. Біз сізді қатты жақсы көреміз және бағалаймыз. Есіңізде болсын! Сіз - Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де інжу-маржанысыз. Сондықтан бізді әрқашан әніңізбен қуантыңыз. Шын жүректен Андрей Малахов, Ресейден сүйіспеншілікпен", - дейді Малахов видеода.

Бибігүл Төлегенова 16 желтоқсанда 92 жасқа толды. Халық әншісінің жақындарының айтуынша, Андрей Малахов "қазақ бұлбұлын" қатты құрметтейді, сондықтан ол еңбек сіңірген әртіске құттықтау жолдаған.

Кеңестік және қазақстандық опера әншісі Бибігүл Төлегенова 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Оның ерекше дауысы бұрынғы КСРО-дағы қарапайым азаматтардың да мәңгі есінде қалды.

2020 жылы Бибігүл Төлегенова Андрей Малаховтың композитор Александр Зацепин туралы бағдарламасы үшін видео түсірді. Сол кезде ресейлік танымал шоумен оны қазақ музыка өнері үшін "Отан-Ана" деп атаған еді.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары