$ 444.22  476.38  4.82

Димаш Дубайда мейрамхана ашқалы жатыр

Жоба DQ Show & Gastronomy деп аталады.

Димаш Құдайберген Instagram парақшасында Дубайда мейрамхана ашатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Достар, Дубайда жақында менің жаңа кәсіп мекемем ашылады. 2022 жылдың 15 наурызында Бурдж-Халифа зәулім ғимаратына қарама-қарсы орналасқан Address Boulevard отеліндегі орын дубайлық жұрттың көңілінен шығар деген үміттеміз. Жоба DQ Show & Gastronomy деп аталады. Бұл театрлық шоу мен жоғары сапалы ас үй тамағының үйлесімі болады", - деп жазды ол Instagramда.

Әншінің айтуынша, екі жарым мың шаршы метрлік орын 300-ін кәсіби сахнадан тұрады.

"Бұл сахнада жоғары деңгейдегі әртістер өнерін көрсетеді. Дубайдың адам тартатын ортасындағы мейрамханада керемет театр шоуына және түрлі талғамға арналған асқа баса мән беріледі. all-inclusive форматы кулинарлық шедеврден ләззат алуға мүмкіндік береді. Ас түрінің кеңдігі сонша, ең кірпияз мейман өз талғамына қарай ас іше алады. Еттің түр-түрі, теңіз өнімдері мен премиум класс санатындағы сусындар беріледі. DQ Show & Gastronomy! Билет алу үшін мұнда өзіндік жүйе де қалыптасқан. Бір уақытта оған 300 адам сияды. Әр айда мұнда әлем жұлдыздарының қатысуымен кеш өтеді", - дейді Димаш Құдайберген.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары