$ 443.85  474.3  4.8

Арыста облыстық жас ақындар айтысы өтті

Айтыс өнері - қазақтың қанына сіңген бекзат өнер. Бабалардан қалған осы өнерге елеңдемейтін қазақ жоқ. Еңсе тіктеген баласынан еңкейген қариясына дейін суырып салма ақындарды тыңдаудан жалыққан емес.  Топырағы киелі Арыс қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде  облыстық жас ақындар айтысы өткізіліп келеді.

Бүгін қалалық ішкі саясат және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен дәстүрлі айтыстың шымылдығы ашылды. Қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» тақырыбында облыстық деңгейде жас ақындар айтысы өтті.

Қала әкімі М.Қадырбек  айтысты ашып, жас ақындарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, айтыскер ақын Карима Оралова жас ақындарға арнауын айтты. Табан астында тауып айтып, сөз өнерінің інжу-маржанын ұтымды жеткізе білген ақындарға Ж.Байгуттиева атындағы «Өнер» мектебінің директоры Ж.Сейітбеков, Арыс қалалық тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі З.Досымбекова, ақын- ұстаз Р.Сұлтанәлиева қазылық етті. ​​​​​

Дүбірлі айтыста ақындарамыз Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында жырдан шашу-шашып, бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарып, айтыс сүйер қауымның  көңілінен шығып, көрермендерді желпіндіріп отырды.

Нәтижесінде, «Бас жүлдені» Сайрам ауданының азулы ақыны Ж.Мырзабеков қанжығасына байласа, І- орынды Созақ ауданынан А.Ниязбек еншіледі. ІІ-орынды отырарлық ақын М.Жақып алса, ІІІ-орын Төлеби ауданының ақыны Б.Рахматуллаевқа бұйырды.

​​​​​​​Арыс қаласы әкімінің арнайы сыйлығын шымкенттік ақын Ж.Балқаш жеңіп алды. Ал түркістандық Ы.Досжанова «Үздік жас ақын» номинациясымен марапатталды.​​​​​​​ Айтысқа қатысқан жас ақындардың барлығы Арыс қаласының әкімі М.Қадырбектің «Алғыс хатымен» марапатталып, түрлі бағалы сыйлықтарға ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары