$ 449.58  486.94  4.86

Астанада Оңтүстіктің күндері «Ән - шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!» Гала-концертімен аяқталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу аясында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы екінші күні «Нұрын шашқан - Оңтүстік» фотокөрмесі мен жалғасын тауып, «Ән - шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!» Оңтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерінің Гала-концертімен қорытындыланды.

Елордадағы Конгресс холда ұйымдастырылған шараға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев қатысып, Астана қаласының қонақтары мен жұртшылығының назарына ұсынылған жылжымалы фотокөрмені тамашалады.

Аталған көрмеге Тәуелсіздік жылдарында Елбасымыздың Оңтүстік Қазақстан облысына келуіндегі маңызды іс-сапарлары мен өркендеген оңтүстік тынысынан көрініс тапқан қаламыздың көркем жерлері бейнеленген 50-ден астам фото суреттер қойылған.

Сонымен қатар, облыс әкімі «Ән - шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!» атты өнер шеберлерінің Гала-концертіне қатысты.

Сүгірдің «Ыңғайтөк» күйімен бастау алған мерейтойлық концертте 300-ге жуық оңтүстікқказақстандық өнер майталмандары астаналықтарға өлкеміздің өнерін ұсынды. Елорда төрінде «құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күйі» орындалып, мың бұралған бишілеріміз өз өнерлерімен қонақтарды тәнті етті.

Айта кетейік, Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күндері екі күнге жалғасты. Осынау іс-шаралар аясында оңтүстікқазақстандық ақын-жазушылардың әдеби кеші, тауар өндірушілердің көрмесі, азық-түлік жәрмеңкесі, жайдарман және баспасөз мәжілісі өткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары