$ 447.4  477.55  4.76

«Мен ешбір театр актрисасына жігіт ретінде қарамаймын» - Азамат Сатыбалды

Басшылардың тарихын зерттесем, бәрінің проблемасы әйелден болған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Отандық танымал актер Азамат Сатыбалды өзінің отбасындағы рөлі туралы айтты. Өнер иесі жарына адал екенін жеткізді. Ол өз қоластындағы театр актрисаларына жігіт ретінде мүлдем қарамайтынын алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Сатыбалды өміріне қатысты сырын "TalkLike" бағдарламасында ақтарды. Әртіс көзге шөп салу өзіне жат нәрсе екенін айтты.

"Назгүл театрға келіп, билетін алып тек спектакьлді көреді. Басқа ешнәрсеге араласпайды. Басшылардың тарихын зерттесем, бәрінің проблемасы әйелден болған. Мен ешбір театр актрисасына әйел деп қарамаймын. Мен оларға жігіттік көзқараспен қарамаймын. Егер қараған болсам, бір актрисамен көңіл жарастырған болсам, ол белгісіз күйде қалмас еді. Мен атышулы адаммын. Менің әр ісім елге тез жария болады. Менің ондай атым шыққан жоқ. Мен жұмысыма, жарыма, отбасыма адалмын", – деді театр басшысы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары