$ 445.66  474.58  4.78

Шымкентте профессор Мекемтас Мырзахметұлымен кездесу болды

Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспiрiмдер кiтапханасында «Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай – 25 игi iс-шара» аясында абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлымен кездесу болды.

«Қазақ елi, түркi дүниесiн Абай iлiмi негiзiнде дамытқан тұлға» деп аталған басқосуға профессор Бегман Ысқақ, жазушы-шежiрешi Момбек Әбдәкiмұлы, түркiтанушы Сәрсенбек Сахабат, тағы басқалар қатысты. Оңтүстiк Қазақстан педагогикалық университетiнiң студенттерi Рахат Арғынбаев, Ұлбала Дайрабекқызы, Сандуғаш Ысқақтегi кеш кейiпкерiнiң шығармалары бойынша баяндама жасап, талдады.

Зиялы қауым өкiлдерi Мекемтас Мырзахметовтiң еңбек жолына тоқталды. М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Оразбибi Асан «Абай шығармаларын үш тiлде оқыту» атты ғылыми жобасын көпшiлiк назарына ұсынып, ғалымның батасын алды. Жас ақын Батырәлi Жүрсiнбек «Мейiрiмдi жүрек Мекемтас аға» атты арнауын, Жаңа технологиялар колледжiнiң белсендi студенттерi Абай өлеңдерiн мәнерлеп оқыды.

Өз кезегiнде Мекемтас Мырзахметұлы қазiргi қоғам жайында, елiмiздiң өткенi мен бүгiнi жайлы ғибратты әңгiмелер айтты. Айтулы тұлғаның шығармаларын жас ұрпаққа дәрiптеу, еңбектерiн насихаттауға арналған кештi кiтапхана директорының мiндетiн уақытша атқарушы Гүлмира Қалыбайқызы қорытындылады.

Мекемтас Мырзахметұлы – абайтанушы, бауыржантанушы, яссауитанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және халықаралық "Түрік еліне қызмет" сыйлығының, Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің, "Астана 10 жылдығы" медалінің, Б.Момышұлына арналған "Құрмет белгісінің", дүниежүзілік қазақ тілі қоғамының "Ана тілі" белгісінің", "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін белгісінің" иегері, "Абайтану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары