Ақын Балғынбек Имашев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше жақсы көретінін мәлімдеді. Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаевқа да, Иманғали Тасмағамбетовке де сүйіспеншілігі ерекше екенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz.
"Жер жаһан мені жағымпаз деп ойласа да өз басым Елбасын ерекше жақсы көрем. Бұл жүрегіме Алла салған сүйіспеншілік. Сондай-ақ, Әбіш Кекілбаевты да, Мырзатай Жолдасбековті де, Қасымжомарт Кемелұлын да, Иманғали Нұрғалиұлын да, Қырымбек Елеуұлын да, Бердібек Мәшбекұлын да жақсы көрем.
Бұлар мен үшін әкім, премьер, мем.хатшы, президент т.б емес, Тәуелсіз Қазақстанның ең қиын кезеңінде барлық күш-жігерін, қажыр-қайратын ел үшін сарп еткен қазақтың арда ұлдары. Бұл тізімді жалғастыра берсе болады, бірақ, мақсат біреуді мақтап, оған жағыну емес.
Мендегі қорқыныш - ендігі буында мұндай іскер, жанкешті, тәжірибелі, мықты кадрлар болмайды-ау. Кілең саудагер, кәсіпкер, бизнесмен, менеджер, пиармен, космополит кадрлар келетін сияқты", - деп жазба қалдырды айтыскер желідегі парақшасында.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.