Мәдениет & Шоубиз 28.01.2022 сағат 01:32

Сәбит Әбдіхалықовқа үшінші әйелі тағы бір ұл туып берді

Сүйінші жаңалықты Сәбит Әбдіхалықовтың өзі жеткізді.
Сәбит Әбдіхалықовқа үшінші әйелі тағы бір ұл туып берді
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сәбит Әбдіхалықов пен Динара Абдуллинаның отбасында тағы бір қуаныш. Продюсер қуанышы қойнына сыймай, көппен қуанышын бөлісті. 

Сүйінші жаңалықты Сәбит Әбдіхалықовтың өзі жеткізді.  

“Алланың қалауымен Елубай өмірге келді. Аллаға мыңда бір шүкір”, – деп жазды продюсер. 

Желі қолданушылары мен әріптестері бауы берік болсын айтып құттықтасты.

“Құтты болсын! Бауы берік болсын!”, “Бауы берік болсын! Үлкен азамат болсын!”, “Алпысбай, Жетпісбайлар келе берсін”, “Бауы берік болсын, бауырым”, “Есімі Елубай ма?”, “Бауы берік болсын. Өмірі ұзақ болсын”, “Құтты болсын бауы берік болсын, ғұмыры ұзақ болсын”, “Құтты болсын, Сәке, қартайғанда серігіңіз болсын”, “Ооо, бұл әйеліңіз мықты екен ғой, Қырықбай, Елубайларды әкеліп жатыр, енді Алпысбай ерсін артынан, Құтты болсын”, –деп жазды олар.

Бұған дейін продюсер үшінші жары Динараны тұрмысқа шығуға көндіру үшін біраз уақыт жұмсағанын айтқан еді. 

“Театрда жүрген соң қарап жүресің. Кімнің сөзі дұрыс деп қарайсың. Мінезі де, сөзі де, жүріс-тұрысы да жақсы секілді көрінді. Бірақ маған бірден қарай қойған жоқ. Себебі, менің екі рет ажырасқанымды біледі. Өткенімнің жақсы емес екенімді біледі. Театрда да, басқа жақта да өзіне сөз келетінін біледі. Сондықтан бір жылдай қарамай жүрді. Тек хат жазысып жүрдік. Кейін сөйлесе бастадық”, –деді продюсер. 

Әбдіхалықов бұрынғы екі жұбайы – Айгүл Иманбаеваға да, Алтынай Жорабаеваға да бақыт тілейтінін жеткізді. Тұңғыш ұлы Асылжанды тәрбиелеп өсірген Иманбаева мен оның анасына алғысын жеткізді.

Айта кетейік, Әбдіхалықовтың бірінше некесінен бір ұлы, екінші некесінен 4 қызы бар. Үшінші отбасында екінші баласы өмірге келді.  
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар