Отандық танымал әнші Сиви Махмуди махаббаттағы жас айырмашылығына қатысты не ойлайтынын айтты. Өнер иесінің пікірінше, 4-5 жас кіші болғанда тұрған ештеңе жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы эстрада жұлдызы өзінің Instagram парақшасында айтты. Ол қарым-қатынас мәселесі жайлы жан сырын ақтарды. Әнші үшін махаббат жасқа қарамайды екен.
"Негізі, махаббат жасқа қарамайды. Бірақ араларында өте үлкен айырмашылық болмауы керек деп ойлаймын. Менің ойымша 4-5 жас кіші болса онда тұрған ештеңе жоқ", - деп жазды ол.
Оған қоса, Сиви Махмуди бұрынғы жолдасына қатысты да ақпаратпен бөлісті. Ол бұрынғы күйеуі алимент төлемейтінін ашық айтты.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.