$ 444.32  473.33  4.76

Саят Медеуов жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр деген ақпарат шықты

Әзірге жол апатының қашан және қай жерде болғандығы туралы дерек жоқ.

Композитор, әнші Ербол Спаналиев желіде әнші Саят Медеуовтің жол апатына түскенін хабарлады. 

Ербол Спаналиевтің айтуынша, әнші қазірде жансақтау бөлімінде жатыр. "Саят бауырымыз жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Алладан дұға тілеп қойыңыздаршы, ағайын. Аман-есен ортамызға орал, бауырым!", - деп жазған ол. 

Әзірге жол апатының қашан және қай жерде болғандығы туралы дерек жоқ. 

нұр.кз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары