Ninety One тобының продюсері Ерболат Беделхан топтың тарауына қатысты қауесетке жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Топ пен Juzz Entertainment компаниясы арасындағы келісімшарт мерзімі биыл қыркүйекте бітеді. Яғни, мәселе – Ninety One тобының компаниямен жұмысын тоқтатуында. Бұл мәселе жарты жылдан бері талқыланған. Енді топ өзі жеке бренд ретінде жұмыс жүргізетін болады. Ал компания жеке басқа бағытта жұмыс жүргізеді», – деп түсіндірді Ерболат Беделхан.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.