Актер Себит Әбдіхалықов жүрек талмасына ұшырап, ем алып жатқаны туралы айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
Жеті баланың әкесі бүгінде жүрегін емдетіп жүр. Бұған дейін 2016 жылы инфаркт алған.
"Алматы Кардио орталығының дәрігерлері мен медбикелеріне және басшысы Алмат Тұрысбекұлына мың алғыс! Нағыз өз ісінің мамандары. 2016 жылы инфаркт алғанымда аман алып қалды, жеті жылға жуық жүрегімді емдеп келеді", деп жазды.
Өнердегі әріптестері әнші Сәкен Майғазиев, журналист Асхат Садырбай Сәбит мырзаға шипа тіледі.