$ 446.49  475.38  4.79

Иманбек Еуропа мен Америкада әлемдік тур өткізеді

Бірінші шоу биыл 8 сәуірде Нью-Йоркте өтеді.

"Грэмми" сыйлығының иегері саунд-продюсер Иманбек Зейкенов Rahmet World Tour атты әлемдік тур өткізетінін жариялады. Концерт Еуропа мен Америка қалаларында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музыкант алдағы концерттердің кестесін Instagram-парақшасында жариялады.

"Ақыры "Рахмет" туры жарияланды. Күндерге назар аударыңыздар", - деп жазды Иманбек.

Бірінші шоу биыл 8 сәуірде Нью-Йоркте өтеді. Әзірге 24 концерт туралы ақпарат жарияланды.

"Манхэттеннің түнгі өмірінің басты қаласы Нью-Йоркте жалғыз әрі қайталанбас Иманбекті қарсы алу үшін бізге қосылыңыз", - делінген Harbor түнгі клубының парақшасында.

Әлемдік тур 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде ол Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Латын Америкасы және басқа да елдерде өнер көрсетеді. Соңғы шоу Германияда өтеді, онда Иманбек Lollapalooza фестиваліне қатысады.

Еске салайық, 21 жастағы Иманбек Зейкенов Grammy номинациясын жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанған еді. Ол SAINt jhn-нің Roses композициясына ремикс жасағаны үшін үздік деп танылған. Оның нұсқасындағы Roses хит болып, 20 аптадан аса уақыт қатарынан Billboard Hot 100 чартының үздік ондығында тұрған. 

Сонымен қатар, 2021 жылғы желтоқсанның аяғында Иманбек "MTV Россия" нұсқасы бойынша жыл музыканты атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары