$ 443.35  475.54  4.82

«Димаштың дым дауысы жоқ, алысқа бара алмайды» – Бақыт Шадаева (ВИДЕО)

Оған өмірге үлкен жолдаманы берген мен болатынмын.

Белгілі әнші Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергеннің даусы қойылмағанын айтып, әншінің болашағына күмән келтірді, деп жазады Elorda.info

Ол бұл туралы ойын Elmedia Youtube-арнасына берген сұхбатында айтқан.

Қазір мектепсіз әншілер өте көп. Аузын ашқанның бәрі әнші болып кетті. Үлкен деңгейге жеткен әншілердің өзінің мектебі жоқ, білесіз бе? Димаштың өзінде де постановка жоқ. Оның Құдай берген, табиғат берген дауысы бар. Бәрі тамаша, бірақ оның мектебі жоқ, дауысы қойылмаған. Оның себептері білемін, өз көз алдымда өскен бала. Оған өмірге үлкен жолдаманы берген мен болатынмын. «Жас қанатқа» қатысып жатқан кезде «Ондай дауыстар кетсін, құрсын» деген Медеу сияқты әншілер көп болатын, мен сол кезде «Димаштан артық талантты көріп тұрған жоқпын» дедім. Ол расында да өте талантты жігіт. Бірақ Димаштың мектебі жоқ. Даусы қойылмаған адам алысқа бара алмайды деп қорқамын. Бірақ Құдай берген таланты бар. Дегенмен әрбір адамда мектеп болуы керек, білім болуы керек. Онсыз сіз алысқа бара алмайсыз... - деді Бақыт Шадаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары