Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты сенсациялық мәлімдеме жасады. Әнші жақында сәбилі болатынын хабарлады.
Есмахан желідегі парақшасында УДЗ суретін жариялап:
"Ана болатынымды сіздерден жасыру мүмкін емес. Ал, сүйінші", - деп жазды.
Көпшілік әншінің бұл мәлімдемесіне таңырқап қалды. Жуырда ғана ота жасатқан Еркені "хайп" үшін жалған сөйледі деп айыптағандар жетерлік. Сондай-ақ, кей оқырмандардың болжамынша, Ерке болашақ кіндік баласының суретін жариялаған.
Айта кетейік, Ninety One тобының бұрынғы мүшесі A.Z-мен қарым-қатынасын үзгеннен кейін, әнші басының бос екенін айтқан еді. Есмахан “тұрмысқа шыққысы келмейтінін” де көпшілікке ескерткен.