$ 494.87  520.65  4.91

Mad Men тобының мүшелері сотталды

Қылмыстық топтың жетекшісі Х.-ны 18 жылға, ал қалған қатысушыларға 17-ден 17,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстандық танымал Mad Men тобының мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тыңдаулар қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтті. Сот 2020 жылдың қыркүйек айының басында Х. есімді адам қылмыстық топ құрғанын анықтаған, топта алты адам болған.

Тағы оқыңыз: Mad Men тобының әншілері 15 жылға сотталуы мүмкін

"Қылмыстық топтың басшысы Х. әрқайсына жұмыс бөліп берген. Ол мефедрон компонентін сатып алумен және клиенттермен келіссөз жүргізумен айналысқан. Басқалары Алматыдағы коттедждердің бірінде психотроптық затты дайындаған. Бағасы туралы ақпаратты арнайы сайттар мен чаттарда жариялап отырған. Қалғандары есірткілерді қаладағы қоғамдық орындарға жасырумен айналысқан", - деп хабарлады сотта.

Тағы оқыңыз:«Mad Men» тобының мүшелері ұйымдасқан қылмыстық топ құрған

2021 жылдың 14 сәуірінде топ мүшелерінің бірі М. заңсыз жасалған мефедронды алып, Алматыдағы көшелердің біріне жасырған. Сол күні жасырылған заттар табылып, оны полиция тәркіледі. 

Сотта прокурор тергеудің айыптауын қолдап, қылмыстық топтың жетекшісі Х.-ны 18 жылға, ал қалған қатысушыларды 17-ден 17,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Еске салайық, былтыр 21 мамырда қазақстандық танымал Mad Men тобының мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген айып тағылған болатын. Полиция мәліметі бойынша, тұрақты есірткі желісі бір ай бұрын жойылған. Оның құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам болған. Топты 27 жастағы Х. басқарады.

Іске қатысы бар күдіктілерге ҚР ҚК-ның 262-бабы 1 және 2-бөлігінде көзделген ҰҚТ құру және оған басшылық ету дерегі бойынша айып тағылған. Күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары